Бүгін өңірдегі қалалық және аудандық бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында «Репродуктивті денсаулық апталығы» шеңберінде Ашық есік күні болады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Іс-шара 09:00-ден 13:00-ге дейін жалғасады. Аймақ тұрғындары осы уақыт ішінде мамандардан тегін кеңес алып, репродуктивті денсаулықты сақтау, отбасын жоспарлау, алдын алу тексерістері мен салауатты өмір салты жайлы ақпарат ала алады.