ШҚО-да 13 аумақта сел жүру қаупі бар

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 13:30 0

сурет: Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінен

15 мамырдан бастап Шығыс Қазақстанда сел қаупі кезеңі басталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Өңірде Катонқарағай және Зайсан аудандарында, Риддер қаласында және Алтай ауданында орналасқан барлығы 13 сел қауіпті ошақ бар. Аталған аудандардағы таулардың жоғарғы жақтарында 11 елді мекенге қауіп төндіретін 144 мореналық көл пайда болған. Сел қаупі кезеңінде «Қазселденқорғау» мамандары көлдерді, сел мен сырғыма ағындарын қалыптастыруға ықпал ететін факторларды бақылауда ұстайды.  

Облыста сырғыма қаупі бар 9 аумақ бар. Олар негізінен автожолдар мен өзен бассейндерінде орналасқан: Громотуха және Уба – Риддер қаласы, Бұқтырма, Хамир, Черновая – Алтай ауданы, Бұқтырма – Катонқарағай ауданы, Кендірлік – Зайсан ауданы. 

Қауіпсіздік мақсатында сел қауіпті учаскелерде 20 ескерту және тыйым салу қалқандары және қауіпті аумақтарда 18 қалқан орнатылды. 

Сел, сырғыма жағдайына мониторинг жүргізу үшін 9 маусымдық гидропост және жыл бойы жұмыс істейтін 1 гидропост орнатылған. 

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті және «Қазселқорғау» ШҚ филиалының мамандары сел қаупі бар аймақтардағы таулы жерлерге бармауға кеңес береді. 

Төтенше жағдай кезінде «112» нөміріне хабарласу қажет. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив