ШҚО әкімі тоқсан төріндегі ардагердің шаңырағына барды

ЖАҢАЛЫҚТАР 8-05-2025, 15:56 0

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Жеңіс күні қарсаңында 99жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Еремеевичті құттықтады 

Павел Еремеевич әскер қатарына небәрі 17 жасында шақырылады. 1944 жылы ол 3-ші Беларусь майданына жіберіліп, соғыстың соңына дейін сол жерде қызмет етті. Кейін ол Қиыр Шығысқа аттанып, Жапониямен соғысқа қатысты.

Туған ауылына оралған соң Павел Еремеевич мал шаруашылығы кешенінде электрик болып жұмыс істеді, кейін отбасын құрып, жұбайымен бірге бес баланы тәрбиелеп өсірді.

Қазіргі таңда, ардагер Глубокое ауданының Веселовка ауылында тұрады.

Соғыс ардагерінің иелігінде Даңқ ордені, Отан соғысы ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Кёнигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», маршал Жуков медалі сияқты бірнеше мемлекеттік марапаттар бар.

Облыс әкімі ардагерге зор алғысы мен терең құрметін білдіріп, Жеңіс жолындағы ерлігі мен батырлығын атап өтті.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив