Алтайды айнала қоныстан жұрттың әуезді әні де табиғатпен тамырлас. Соның бірі – көмеймен ән салу. Көнеден жеткен көмей әуендері алдағы күндері Өскемен қаласында шырқалмақ, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Көмейлете ән салудың шебері Алексей Чичаков 12 мамырда Өскеменде өнер көрсетеді. Ол жиналған жұрттың әуезді әнмен тербеп, қатысушыларға шеберлік те көрсетпек.
Алексей Чичаков (Алтай Республикасы) — композитор, Белуха Джем этно-тобының негізін қалаушысы және орындаушысы. Ол –топшуур, шоор және хомус қатарлы ұлттық аспаптарда ойнайды. Өнер иесі халықтық және авторлық шығармаларын орындайды. Әлемді әнмен тамсандырған әнші Непалда, Үндістанда, Қытайда, Финляндияда, Германияда, Францияда, Испанияда, Сербияда, Черногорияда және басқа елдерде өнер көрсеткен.
Табиғатпен тамырлас жатқан жадымыздағы көне әуендерді жаңғыртамын деген жанға концертті тамашалағанның артықтығы болмас.