Палатцы ауылынан Подгорное ауылына дейінгі жол жөнделеді

ЖАҢАЛЫҚТАР 7-05-2025, 10:55 0

Палатцы ауылынан Подгорное ауылына дейінгі жолға қиыршық тас төселіп, жөндеу жұмыстары жүргізіледі

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданына жұмыс сапары барысында Подгорное ауылындағы үш Кеңес Одағының Батыры – Н.Я. Фонов, С.Е. Седнев және И.М. Яроцкийге арналған ескерткішке гүл шоғын қою кезінде жол жөндеу жұмыстары туралы хабарлады.

Облыс әкімінің айтуынша, Палатцы ауылынан Подгорное ауылына дейінгі жолға қиыршық тас төселіп, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

Бұл ауылдар арасындағы қатынасты жақсартып, аудандағы логистика мен туризмнің дамуына оң әсерін тигізетін болады

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив