ШҚО әкімі Самар ауданындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады

ЖАҢАЛЫҚТАР 6-05-2025, 19:00 0

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданына барған жұмыс сапары аясында жергілікті халықтың өмір сүруі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірқатар маңызды нысандардың жұмысымен танысты.

Өңір басшысы Самар ауылында орналасқан төтенше жағдайлар бөлімін, төрт елді мекенді және 5 000-нан астам тұрғынды орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етіп отырған «Самар» ШЖҚ КМК-ны аралады. Сонымен қатар, аудандық соттың, полиция бөлімінің, кітапхананың және «Самар ауылшаруашылық-техникалық колледжі» КМҚК жатақханасының қызметімен танысты.

Нысандарды аралау барысында облыс әкімі инфрақұрылымның қазіргі жай-күйін бағалап, жауапты мамандармен бірге қызмет сапасын арттыру, жаңғырту және одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив