Қазақстандықтардың жеке деректері Telegram-бот арқылы таралып жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР 6-05-2025, 17:30 0

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Қазақстан азаматтарының ЖСН, мекенжайы, телефондары, авто және мүлік туралы мәліметтері Telegram-бот арқылы ашық таралып жатқанын мәлімдеді

Шынайылығын тексеру мақсатында министр Telegram-ботқа бұрынғы цифрландыру министрі Бағдат Мусиннің және қазіргі министр Жаслан Мәдиевтің есімдерін енгізді. Депутаттың айтуынша, жүйе олардың отбасы мүшелерінің деректеріне дейін толық ақпарат шығарып берген .

Бұл мәліметтер egov сияқты мемлекеттік жүйелерден алынған және ресейлік құрылымдарға қатысы болуы мүмкін деген болжамдар бар.

Депутат ІІМ мен Бас прокуратураны шұғыл шара қабылдауға шақырып, бұл әрекеттерді ұлттық мүддеге опасыздық деп атады.

Цифрландыру министрлігі мәліметтердің шынайылығын тексеріп жатқанын хабарлады.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив