Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай монеталар шығады

ЖАҢАЛЫҚТАР 6-05-2025, 11:00 0

сурет: nationalbank.kz

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлттық Банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

Қазақстан Ұлттық Банкі Отан қорғаушылардың ерлігі мен жанқиярлық рухына деген терең құрметтің белгісі бар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ коллекциялық монеталарын айналымға шығарғалы отыр. 

– Бұл монеталар Ұлы Жеңіс туралы тарихи оқиғаны мәңгі есте сақтап, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында шығарылып отыр. Монеталар атаулы датаға арналған мәдени әрі тарихи мұраны сақтау жолындағы ұмтылысты паш етеді. Монеталарда ерлікпен қаза тапқан қаһармандарды еске түсіретін мәңгілік алау көрініс тапқан. «80» санындағы ою-өрнек жеңіс лентасын бейнелейді және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы элементтерімен үндесетін стильде орындалған, – делінген Ұлттық банк хабарламасында. 

Номиналы 200 теңгелік биколорлы монеталар Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста бар монеталармен бірге еркін айналымда болады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив