Өскеменде донорлық акция өтеді

ЖАҢАЛЫҚТАР 6-05-2025, 10:40 0

Облыстық қан орталығында донорлық акция өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, «Байтақ» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы шығысқазақстандықтарды «Бір тамшы қан – бір үміт!» атты челенджді қолдауға шақырады.

Бұл бастама – еліміздің қорғанысында тұрған азаматтарға құрмет көрсету мен қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған. 

Игі іске атсалысамын деген жандар 7 мамыр сағат 11:00-де облыстық қан орталығына  (Көкжал Барақ көшесі, 11) келіп қан тапсыра алады.  

Қан тапсыру арқылы сіз науқастардың өмірін сақтап қалуға көмектесесіз. Әрбір тамшы қан – біреудің үміті, біреудің өмірі.    

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив