Шешек асуы демалыс аймағына айналады – Өскемен

ЖАҢАЛЫҚТАР 5-05-2025, 16:30 0

сурет: yk-news.kz 

Өскемен шетіндегі Шешек асуы демалыс орнына айналады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қала әкімі Алмат Ақышевтың бастамасымен биыл жазда ескі Самар тас жолының бойындағы Шешек асуында жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылады.  

– Бұл жердің ауасы таза, адамдар жиі келеді. Осы орынды демалысқа ыңғайлы етуге тырысамыз, – деді қала әкімі.  

Шешек асуының екі жағынан 50 көлікке арналған автотұрақтар салынады. Сонымен қатар, мангал және от жағатын орындар, балалар алаңы пайда болады.   

Шешек асуының ең биік нүктесінде көру алаңы салынып, ескі жолдың бойына орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив