Зайсандағы өртті сөндіруге тікұшақ көтерілді

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 09:34 0

Зайсан ауданының Біржан ауылдық округінде, Шұбырағаш деген учаскеде, қамыс пен құрғақ шөп жанып жатыр. 

Өрт батпақты жерде тұтанған. Қазір  орман шаруашылығының қызметкерлері және арнайы жеке құрамның 85 маманы тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Бұған қоса 15 техника қозғалды. Өртті сөндіру үшін ТЖМ мен ЖАО авиациясы да жұмылдырылған.

«ТЖМ әуе кемесінің бортында 12 құтқарушы бар. Барлық қажет жабдық жүктелген. Авиацияны пайдалану жету қиын жерлерге жедел баруға, әуеден жағдайды барлауға және өрт ошақтарын тиімді жоюға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив