Шығыс өңірінде жауын-шашын көбейеді. Соның салдарынан су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen
Қазгидрометтің облыстық филиалының мәлімдеуінше, 14-16 сәуір аралығында жауын-шашын мол болып, қар лезде ери бастайды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері арықтар мен арналардың көзін ашып, гидрологиялық жағдай туралы хабарламаларды қадағалап отыруға кеңес береді.
Төтенше жағдай кезінде «112»-ге хабарласу керек.