Өскеменде бір адамға жеті несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 12:39 0

Өскемен тұрғынының атына бір жолда жеті несие рәсімдеген алаяқ ұсталды,деп хабарлайды Bizdiң Өskemen

Күдікті өз әрекетін растау коды арқылы жүзеге асырған. Жәбірленушіге келген шығын сомасы 800 мың теңгеден асады.

“Жедел іс-шара нәтижесінде күдікті ұсталды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу іс-шаралары жалғасуда” - деп хабарлады полиция. 

Тәртіп сақшылары бір реттік кодтарды, парольдерді және жеке деректерді  бейтаныс адамдарға хабарлау қауіпті екенін ескертеді.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив