“Таза ойындар” басталды - Өскемен

ЖАҢАЛЫҚТАР 13-04-2025, 11:37 0

Облыс орталығында жалпықалалық сенбілік өтіп, қала іші қоқыстан тазартылды. Бұл күні таза ойындар жарысы да жалғасын тауып, оған  21 команда қатысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Сенбілікке қатысушылар аулалар, саябақтар, демалыс орындары және ұйымдарға бекітілген аумақтарды тазалады. Қатысушылар қураған жапырақтар мен қоқысты жинап, бұтақтарды кесіп, жиектастар мен тротуарларды тазалады. Қалдықтарды уақтылы шығару үшін техника күшейтілген режимде жұмыс істеді.
Жалпы, шараға 2757 адам қатысты. Шығарылған қоқыс көлемі 719 текше метрден асты.
Сенбіліктің жарқын оқиғаларының бірі — «Таза ойындар» экологиялық акциясының өтуі болды. Бұл — тек қалалық аумақты тазартуға ғана емес, сонымен қатар жастар мен ересектер арасында экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған командалық сайыс.
 Оған 21 команда қатысты. Олар қоқыс жинаудағы жылдамдықпен қатар оны сұрыптап, саналы көзқарас танытуда да бақ сынады. Нәтижесінде 280 қап қоқыс, 186 келі ірі көлемді қалдық, 265 келі ескі ескі доңғалақ қалдықтары жиналды.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив