Қосылған құн салығы кімдерге әсер етпейді? Вице-премьер жауабы


ЖАҢАЛЫҚТАР 6-02-2025, 17:11 0

фото: depositphotos.com

Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығының (ҚҚС) өсуіне қатысты реформаның кімдерге әсер етпейтінін түсіндірді.

Министр бұл бастама қоғамда қызу талқыланып жатқанын атап өтті.

– Соңғы уақытта бұл мәселеге қатысты түрлі мәлімдемелер айтылды. Мысалы, кеше, қателеспесем, Қостанайда әлде Шығыс Қазақстанда үй жанындағы дүкен иелері мәлімдеме жасады. Олар өңірлік кәсіпкерлер палатасымен кездесіп, ҚҚС-тың өсуі олардың соңғы нанын тартып алатын жағдайға жеткізеді деп алаңдаушылық білдірді, – деді ол.

Жұманғариннің айтуынша, бұл өзгеріс бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлерге әсер етпейді.

– Біз үнемі айтып келеміз, халықпен жұмыс істейтіндердің барлығына – үй жанындағы дүкендер, дүңгіршек, шатыр, мейрамхана, шаштараздар – бұл реформаның мүлдем қатысы жоқ. Олар бұрынғыдай жылдық жиынтық табысы 2,4 миллиард теңгеге дейінгі шекте бөлшек сауда режимінде жұмыс істеп, 4 пайыздық салық төлей береді. Олар үшін ештеңе өзгермейді. Бұл реформа бизнестің өте тар қабатына қатысты. Отбасын асырап, халықпен жұмыс істейтін, базарларда сауда жасайтын адамдар, бұл реформа оларға ешқандай әсер етпейді, бөлшек салық сақталады, – деді Серік Жұманғарин.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив