ШҚО әкімі осы аптада кетуі мүмкін. Орнына кім келеді?


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты Кеше, 20:24 0

Ермек Көшербаев алдағы аптада ШҚО әкімі қызметінен кетуі мүмкін.  Инсайдтық дерекөздердің ақпаратына сенсек, алдағы дүйсенбі, яғни 20 қаңтар күні шығысқа жаңа әкім тағайындалады деген сыбыс бар.

Ермек Көшербаев ШҚО әкімі қызметіне 2023 жылдың 16 маусымында келген болатын. Оған дейін өңірді 9 жылдан артық басқарған Даниал Ахметовтан кейін, халық жаңа басшыдан зор үміт күтті.

1,5 жыл уақыттың ішінде Көшербаев шығысқазақстандықтардың үмітін ақтай алды ма?

Елдің есінде қалатын қандай шаруа тындырды? Ауыз толтырып айтуға тұрарлық шығыста қандай жобалар жасалды.

Бұл туралы өз ойыңызды комментке жазып, төрелігіңізді айта жатарсыз.

Ал енді ең басты сұрақ…

Келесі әкім кім болады?

Әкімдіктегі “құмалақшылардың” болжамына сүйенсек, келесі әкім алыстан келмейтін сияқты. Көшербаев орнына өзінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановты қалтырады, деп жатыр білгіштер.

Әрине мұның бәрі әзірге болжам. Бірақ “Халық айтса, қалт айтпайды” деген.

Сіз қалай ойлайсыз?

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив