Өскеменде тәртіп сақшылары рейд жүргізді


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-12-2024, 12:07 0

Тәртіп сақшылары облыс орталығындағы базарларда рұқсат етілмеген пиротехникалық өнімді анықтау мен сатуға қатысты рейд жүргізді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemenтілшісі.


23 желтоқсан күні ШҚО ТЖД Өскемен қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері ШҚО ПД полиция басқармасымен, сондай-ақ метрология департаментімен бірлесіп рейд жүргізді және тұрғындарға жаңа жылдық іс-шаралар қарсаңында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөніндегі қағидаларды түсіндіріп, жадынамалар таратты.


Айта кетейік, облыс көлемінде "Шырша" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Шара 31 желтоқсанға дейін жалғасады.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив