Діни некенің заңды күші жоқ — министрлік


ЖАҢАЛЫҚТАР / ӘР САЛА 31-10-2024, 17:33 0

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ведомствоның баспасөз мәслихатында діни рәсім бойынша тіркелген некенің заңдық күшіне байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Қазақпарат жазды.

«Конституцияның 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде бекітеді және оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені белгілі.

«Неке және отбасы туралы» кодекстің 2-бабына сәйкес тек арнайы уәкілетті органдарда тіркеуден өткен неке ғана заңды деп танылады. Діни рәсімдер бойынша жасалған некенің Қазақстан Республикасы аумағында заңды күші жоқ. Сәйкесінше мұндай неке құқықтық реттеу тетіктерімен қорғалмайды. Ер мен әйелдің заңды некеде тұрмастан бірге өмір сүруі де неке ретінде танылмайды. Заңды неке құзыретті мемлекеттік органда ресми тіркелу керек», — деді ол.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив