476 тұрғыны бар Маралдыда 295 жұмыс орны ашылады


МАҢЫЗДЫ / АУДАНДАР / Басты 17-05-2024, 14:50 0

Маралдыдағы алтын өндіру кәсіпорны 295 адамды жұмыспен қамтымақ. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Мусина айтты. 

Ауыл тұрғындарының жалпы саны 476 адам болса, оның 92-сі зейнеткер, 21 көп балалы отбасы, сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алатындары да бар. 

Көптеген жанұялар мемлекеттік төлемге күн көреді. Жалпы атаулы әлеуметтік көмек – қиын жағдайдан шығу үшін жасалған. Ал, аз қамтылған отбасының әл-ауқатын жақсарту үшін әр жан жұмыс істеп, тұрақты табысқа ие болуы керек», – дейді Альмира Мусина.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив