Respublica партиясы ШҚО балаларына 100 рюкзак сыйлады


ЖАҢАЛЫҚТАР / МАҢЫЗДЫ 31-08-2024, 16:00 0

Өскемен қаласы мен Самар, Тарғын, Глубокое, Сағыр ауылы, Касым Кайсенов кентінің балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында партияның тең төрағасы Сырымбек Таудың қолдауымен Respublica партиясы биылғы көктемде баспаналарын су басқан өңірлердегі балаларға оқу құралдары салынған 1600 рюкзак сыйға тартты.

Оның 100 данасы ШҚО филиалына келген болатын.

Respublica партиясы ШҚО филиалының төрағасы Есенберди Толеубай Самар, Тарғын, Глубокое, Сағыр ауылы, Касым Кайсенов кенті және Өскемен қаласындағы әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының 1, 2-сынып оқушыларына 100 дана «Алаш топтамасын» тарту етті.

Акцияның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға балаларын сабаққа дайындауға қолдау көрсету.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар