ШҚО-да Сібеге баратын тас жолды жөндеу жұмыстары аяқталуда

«Жол жылы» аясында облыста жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Мысалы, Сібе көлдеріне апаратын Васильевка – Бозанбай тас жолында (17-32 шақырым) жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Аталған аумақты жөндеуге мердігер «Kurylys Group RK» ЖШС-мен 2023 жылдың тамыз айында келісім-шарт жасалған. Бүгінгі таңда жұмыс аяқталуға жақын.

Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жөндеу жұмыстарын толық аяқтау келесі аптаға жоспарланғанын хабарлады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button