Өскемен полицейлері бақылауды күшейтті
Өскемен жолдарында полицейлер қатаңдатылған тәртіпте жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
10-16 шілде аралығында облыс орталығында кезекті жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде.
– Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол көлік оқиғасын болдырмау мақсатында 10-16 шілде аралығында \»Қауіпсіз жол» рейдтік шарасы өткізіледі, – деп хабарлады Өскемен қалалық полициясы.



