Министр Саясат Нұрбек ШҚО-да жаңа жобаны таныстырды

Шығыс өңіріне келген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025 жылы тамызда іске қосылатын «Smart Driving Technology» инжиниринг орталығының жобасын таныстырды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Шығыс Қазақстан облысына депутаттарды бастап келіп, бірқатар әлеуметтік нысан мен кәсіпорынның жұмысымен танысқан болатын. Кездесулерге Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. 

\"\"  

Ғылым және жоғары білім министрі өз кезегінде 2025 жылы тамызда іске қосылатын «Smart Driving Technology» инжиниринг орталығының жобасын таныстырды. Орталық автопилоттау, жасанды интеллект және телематика жүйелерін әзірлеумен және тестілеумен айналысады.

Зерттеулерден бөлек, мұнда отандық Allur, Astana Motors компанияларының инженерлері мен әзірлеушілеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын, тренингтер өткізу жоспарлануда. Жаңа орталық интеллектуалды көлікті дамыту саласындағы еліміздің ғылыми және өнеркәсіптік әлеуетін нығайтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button