Жаңалықтар

Мәслихат сайлауында партия мен кандидат қалай таңдалады?

29 қарашадағы сайлауда дауыс беру тәртібі мәслихаттың деңгейіне қарай өзгереді. Облыстарда, Астанада және республикалық маңызы бар қалаларда депутаттардың жартысы партиялық тізіммен, жартысы бірмандатты округтерден сайланады.

Партиялық тізім бойынша сайлаушы өзі қолдайтын саяси партияға дауыс береді.

Бірмандатты округте бюллетеньге кандидаттардың аты-жөні енгізіледі. Мұнда тұрғын өз округінің атынан мәслихатта өкілдік ететін бір үміткерді таңдайды.

Аудандық мәслихаттар мен облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарында барлық орын бірмандатты округтерге тиесілі. Бұл округтерде кандидаттарды саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Азаматтар сайлауға өз бастамасымен де түсе алады. Кандидат бір ғана округтен ұсынылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button