Өскеменде «Жолдау және қоғам: ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік» қоғамдық талқылау жиыны өтті

18 қараша күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Жолдау және қоғам: ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік» атты қоғамдық талқылау жиыны өтті.
ШҚО мәдениет басқармасының А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасы мен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» ШҚО филиалының ұйымдастыруымен өткен шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, ЖОО басшылығы, білім саласының өкілдері, ардагерлер, жастар ұйымдары, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Басқосудың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген маңызды міндеттер мен басым бағыттарды талқылау, олардың өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына ықпалын саралауға бағытталды.
Жолдауды талқылау шарасына ШҚО әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, қоғам қайраткері, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ ШҚО филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков, «Әділет» партиясының ШҚО филиалының басшысы Жанат Мекеева, ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Бұлбұл Қозыбаева, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ білім-инновация жөніндегі проректоры Жадыра Қоңырбаева, С.Аманжолов атындағы ШҚУ тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Жаннета Калимолдина, ШҚО Ішкі саясат басқармасы Жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Еркебұлан Балтабеков, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ директоры Назымгүл Тлеубековалар қатысып, өз салалары бойынша Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жолдарына тоқталып, пікір алмасты. Әсіресе, мәдениет пен әдебиетті дамыту, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығын қалыптастыру бағытындағы бастамалардың маңыздылығы атап өтілді.

ШҚО әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев ұлттық құндылықтарды насихаттау турасында қоғам бірлігі мен тұтастығын терең талдаса, қоғам қайраткері Түсіпхан Түсіпбеков мемлекетшіл сананы орнықтыру хақындағы ойымен бөлісті. А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы директоры Назымгүл Тлеубекова Президент батамасымен қолға алынған ауқымды жалпыұлттық мәдени-ағартушылық жоба – «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы аясында «Кітапоқитын ұлт» идеясын кеңінен насихаттау, оқырмандық мәдениетті дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жиын қорытындысында Президент Жолдауында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру – баршаға ортақ жауапкершілік екені айтылып, ел дамуына әразамат өз үлесін қосуы қажеттігімен түйінделді.




