Жаңалықтар

Өскемен – Самар тасжолында жаңа санитарлық торап орнатылды

Облыстық маңызы бар Өскемен – Самар автожолында жаңа санитарлық-гигиеналық торап пайдалануға берілді.

Заманауи модульдік дәретхана толық іске қосылып, бүгінде жүргізушілер мен жолаушыларға қызмет көрсетуде.

– Автожол бойында қолайлы жағдай жасау Шығыс Қазақстан облысында туристік инфрақұрылымды дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Жыл сайын өңірге келетін саяхатшылар саны артып келеді. Олардың қатарында табиғаты көркем жерлер мен Самар ауданының туристік нысандарын тамашалауды қалайтын автосаяхатшылар да бар. Жол бойындағы абаттандырылған санитарлық нысандар сапардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттырып, жол бойындағы сервистің сапасын жақсартуға және өңірдің туристік тартымдылығын көтеруге ықпал етеді, – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button