Жаңалықтар

Күршім ауданына 354 тонна тегін көмір жеткізілді

«ВСАМ Продакшн» ЖШС үшінші жыл қатарынан ауыл тұрғындарын тегін көмірмен қамтамасыз етіп келеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

Биыл Маралды ауылдық округінің тұрғындарына 354 тонна көмір жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп.

Маралды ауылына 200 тонна, Үшбұлақ ауылына  90 тонна, Қыстау-Күршім ауылына 64 тонна көмір жеткізілді.

Көмір көлемі Маралды ауылдық округі әкімі аппаратының өтініші бойынша анықталып, толық жеткізілді. Әр үйге жылу жетуі үшін көмірді тұрғындардың өздері бөліп береді.

Бұл көмек ынтымақтастық туралы меморандумда көзделген міндеттемелерден тыс көрсетіліп отыр. Меморандумға сәйкес, компания Күршім ауданының дамуына бес жыл ішінде 2,5 млрд теңге, яғни жыл сайын 500 млн теңге инвестиция салады.

«Біз осы жерде жұмыс істейміз және осы жерде тұратын адамдарға қолдау көрсетуді өз парызымыз деп санаймыз» , – дейді компания өкілдері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button