Жаңалықтар

Өскеменде Үлкен Нарын ауданының мәдени күндері өтеді

6-7 қараша күндері  облыс орталығында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Үлкен Нарын ауданының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

6 қараша сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында аудан өнерпаздарының мерекелік концерті өтеді. Сонымен қатар қолөнер бұйымдары мен ақпараттық-тақырыптық көрме, тарихи-өлкетану музейінің құнды жәдігерлерінің экспозициясын, ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесін тамашалауға болады.

7 қараша күні сағат 08:00-ден бастап «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы алаңында (Жібек жолы көшесі, 44) Үлкен Нарын ауданының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі мен көркемөнерпаздарының концерті өтеді.

Сондай-ақ ұлттық спорт ойындарынан жарыстар ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button