Жаңалықтар

Шығармашылық әлеуетті дамыту: «Әділет» партиясы мәдениет саласына қандай серпін бермек?

Өскемен қаласында облыстық мәслихат депутаттығына партиялық тізіммен ұсынылған кандидаттар Достық үйінің ұжымымен кездесті.

Кездесуде мәдениет саласын дамыту, тарихи және ұлттық мұраны сақтау, шығармашылық бастамаларды қолдау және этносаралық келісімді нығайту мәселелері талқыланды.

Мағжан Тәжібай, Жанна Сагандыкова, Зоя Новолодская және Александр Милейко «Әділет» партиясының өңірлік бағдарламасында көзделген мәдениет саласын дамыту бағыттарын таныстырып, алдағы кезеңге арналған нақты бастамаларға тоқталды.

«Мәдениет — дәстүр мен тарихи жадты сақтаумен ғана шектелмейді. Ол — қоғамның дүниетанымын қалыптастыратын, рухани дамуына ықпал ететін маңызды сала. Сондықтан мәдениет мекемелерінің өркендеуіне, шығармашылық ұжымдардың өз идеяларын жүзеге асыруына қажетті жағдай жасалуы керек», деді Мағжан Тәжібай.

«Әділет» партиясының өңірлік бағдарламасында алты аудандық креативті хаб құру, оларды Shygys Creative Hub әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу, шығармашылық индустрияларға қажетті 80 маман даярлау көзделген.

Сонымен қатар көрмелер, жәрмеңкелер, шеберлік сабақтары мен өзге де мәдени іс-шараларды қамтитын 30 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Кездесуде Шығыс Қазақстанның мәдени әралуандығын сақтау мәселесіне де айрықша назар аударылды.

«Шығыс Қазақстан — мәдениеті мен дәстүрі сан алуан этнос өкілдері мекендейтін өңір. Мұнда тұратын әрбір этностың салт-дәстүрін сақтау, мәдени бастамаларын қолдау және өзара диалогқа жол ашу маңызды. Достық үйі — түрлі мәдениет өкілдері бас қосып, бір-бірінің құндылықтарын танып, өзара құрмет пен қоғамдық келісімді нығайтатын орта», — деді Жанна Сагандыкова.


Бағдарламаның тағы бір бағыты — ұлттық қолөнер мен шығармашылық кәсіпкерлікті дамыту. Бұл ретте өңірдегі қолөнершілер санын 200 адамға дейін жеткізу міндеті белгіленген.

«Бүгінде мәдениет рухани құндылық қана емес, кәсіби тұрғыдан дамуға және кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беретін салаға айналып келеді. Креативті индустрияларды дамыту, қолөнершілерге, шеберлер мен жас авторларға қолдау көрсету арқылы біз дәстүрді сақтап қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын да аша аламыз. Дарынды адамдардың өз өңірінде өсіп-өркендеуіне мүмкіндік болуы керек», — деп атап өтті Зоя Новолодская.

Кездесу соңында кандидаттар Достық үйінің ұжымын алдағы сайлауға қатысып, «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Сіздерді дауыс беруге қатысып, «Әділет» партиясын қолдауға шақырамыз. Өңірді дамытуға, мәдени мұраны сақтауға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған бағдарламамыз бен бастамаларымызға қолдау білдіріңіздер. Бірлесе отырып, өңіріміз үшін маңызды мәселелерді жүйелі түрде шешуге үлес қоса аламыз», — деді Александр Милейко.


Дайындаған: «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Мекеева Ж.Ж
«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда» партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ-ның сайлау қорынан төленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button