Демографиялық процестерді талдаудың ұлттық орталығын құруға не кедергі?

ЖАҢАЛЫҚТАР 10-06-2025, 11:14 0

Қазіргі таңда Қазақстан тарихының жаңа 7 томдығы жазылып жатыр. Тарих жүгін арқалаған 7 томдықта Қазақстан халқының демографиясына талдау жасалуда. Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына жолдаған жауабында Кеңес дәуіріндегі демография мәселелері зерттеліп жатқанын мәлім еткен.

Сондай-ақ, ол депутаттың Демографиялық процестерді талдаудың ұлттық орталығын құру туралы ұсынысын қазір орындау мүмкін емес екенін айтқан. 

– Үкімет 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізгенін хабарлаймыз, – делінген Үкімет басшысының жауабында. 

Премьер-министр Қазақстан халқы санының өсу деңгейі жоғары екенін де айтты. Оның айтуынша, Халықаралық ұйымдардың (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы) талдауына сәйкес Қазақстанда айтарлықтай демографиялық өзгерістер болып жатыр. Халық саны бүгінде 20,3 млн адамнан 2050 жылы 24,3 млн адамға дейін өседі деп болжанып отыр (өсім 23%). Бұл өсу өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына және туудың салыстырмалы түрде жоғары көрсеткіштеріне байланысты – бір әйелге 3 бала. Бұл табыс деңгейі орташа деңгейден жоғары басқа елдердің көрсеткіштерінен айтарлықтай жоғары.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив