Жаңалықтар
Өскеменде балалар алаңында дәрет сындырған ер адам жауапқа тартылды
Өскеменде бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, алғашқы жағдай 30-шы Гвардиялық дивизия көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. 67 жастағы жергілікті тұрғын мас күйінде балалар алаңында дәрет сындырған.
Сот оны әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Екі эпизодты ескере отырып, оған жалпы сомасы 90 625 теңге айыппұл салынды.
– Екінші жағдай Аязбаев көшесінде тіркелді. Полицейлер қоғамдық орында осындай әрекетке жол берген 37 жастағы ер адамды анықтады. Материал тиісті шешім қабылдау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жолданды, – делінген хабарламада.



