Жаңалықтар

Өскемен мен Үндістан арасында әуе рейсі ашылуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангалмен кездесті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

Кездесу барысында ынтымақтастықтың бірқатар перспективалы бағыттарын талқыланды.

– Ұсыныстардың бірі – Дели – Өскемен тікелей әуе рейсін ашу. Мұндай әуе қатынасы туризмге де, іскерлік байланыстарға да жаңа серпін береді. Шығыс Қазақстанда, әсіресе Катонқарағай және Марқакөл аудандарында этнографиялық, сауықтыру және белсенді туризмді дамытуға бірегей мүмкіндіктер бар. Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың да әлеуеті зор. Аса маңызды минералдар, уран өнеркәсібі, машина жасау және жаңа өндірістерді іске қосу мәселелерін талқыладық. Сондай-ақ Өскемен титан- магний комбинатымен ынтымақтастықты дамыту мақсатында үндістандық маманның сапарына жәрдемдесуге уағдаластық, – деп атап өтті облыс әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button