Жаңалықтар
ШҚО-да құтқарушылар жатақханаларды тексеріп жатыр
ШҚО құтқарушылары «Жатақхана» профилактикалық акциясы аясында рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, профилактикалық рейдтер өрттің алдын алуға және өрт шығуына себеп болуы мүмкін бұзушылықтарды анықтауға, оларды жоюға бағытталған.
Жиі кездесетін бұзушылықтардың қатарында электр сымдары мен эвакуациялау жолдарының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарының толық жинақталмауы бар.
Рейд барасында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары және өрт болған кездегі іс-әрекеттер бойынша нұсқамалар жүргізіледі.



