Жаңалықтар

ШҚО-да катері бұзылып, жағаға жете алмай қалған 6 адам құтқарылды

Өскеменде Ертіс өзенінде серуендеп жүрген алты адам мінген катер кенеттен істен шыққан, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ертіс өзенінде алты адам, оның ішінде екі бала катермен серуендеп жүрген. Серуен кезінде су көлігі кенеттен істен шығып, жолаушылар өздігімен жағаға жете алмаған.

– Демалушыларға көмекке құтқарушылар жедел жетіп, барлығын жағаға жеткізді. Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button