Жаңалықтар
Өскеменде жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Бүгін Өскеменде Крылов көшесі мен Әуезов даңғылының қиылысында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.



