Жаңалықтар

ШҚО-да хабар-ошарсыз кеткен 100-ге жуық адам табылды

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған 100-ге жуық адамды тапты. Оның ішінде 56-сы кәмелетке толмаған бала, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Адамдардың жоғалуына қатысты әрбір дерек полицияның жіті бақылауында. Хабарлама түскеннен кейін криминалдық полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларына кірісіп, мән-жайды саралайды және із-түзсіз жоғалған адамның қайда екенін анықтау үшін қажетті шараларды қабылдайды.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, іздеу жұмыстарында аумақтарды тексеру, жаяу және автопатрульдер, ізшіл иттер сынды дәстүрлі әдістермен қатар, заманауи технологиялар да қолданылады.

Бет-әлпетті тану функциясы бар бейнебақылау камералары адамның жүрген бағытын қалпына келтіруге көмектессе, тепловизормен жабдықталған ұшқышсыз аппараттар қолжетімсіз жерлерді шолу үшін пайдаланылады.

– Осы қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында көптеген жағдайда жоғалғандар арыз түскеннен кейінгі алғашқы сағаттарда-ақ табылады. Бұл әсіресе балаларды іздеу кезінде шешуші маңызға ие, өйткені бұл ретте жедел әрекет етудің рөлі маңызды, – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button