Жаңалықтар

«Қала хикаялары» республикалық әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды

Елімізде «Қала хикаялары» республикалық әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды. Байқау жаңа есімдерді анықтап, қолдауға бағытталған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Қатысушыларға қала мәдениеті, адам тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, сондай-ақ ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың сабақтастығы тақырыптарын көркем туындылар арқылы жеткізу ұсынылады.

– Әдеби байқауға ел азаматтары қатыса алады. Қатысу үшін көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ (бір авторлық баспа табақтың көлемі 40 мың баспа таңбасын құрайды) болатын, бұрын еш жерде жарияланбаған қала тақырыбындағы романдар қабылданады. Әр автор бір ғана шығармасын ұсына алады, – делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында.

Өтінім 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында qoljazba.bookfund.kz⁠ сайты арқылы қабылданады.

Жүлделі орын алған туындылар 15 мың данамен басылып, еліміздің кітапханаларына таратылады.

Қосымша ақпаратты 8 (7172) 74-04-07, 8 (7172) 74-03-84, 8 (7172) 74-04-08 телефондары арқылы алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button