Өскеменде алтын бұйымдар ұрлаған күдікті ұсталды
Өскеменде алтын әшекейлерді ұрлаудың екі дерегі анықталды. Екі жағдайда да қымбат бұйымдар сауда орындарындағы витриналардан ұрланған. Келтірілген жалпы шығын бір миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Алғашқы жағдай Өскемендегі ломбардтардың бірінде болған. Ер адам сатушының назарын басқа жаққа аударған сәтті пайдаланып, құны 501 295 теңге болатын алтын алқаны қалтасына салып, алып кеткен.
– Бірнеше күннен кейін қаладағы басқа сауда орнында ұқсас жағдай қайталанған. Бұл жолы күдікті дәл осы тәсілмен құны 500 000 теңге болатын алтын білезікті ұрлаған. Арыздар түскеннен кейін полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын жедел анықтады. Ол аудандардың бірінде тұратын 30 жастағы ер адам болып шықты, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті.
Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.



