Жаңалықтар

Рахман қайнарына апаратын жол жөнделіп жатыр – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар KZ16-01 Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автомобиль жолының 437–450 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, аталған автомобиль жолы өңірдегі көлік қатынасын қамтамасыз етумен қатар, туризмді дамытуда да маңызды рөл атқарады. Жол табиғаты көркем Катонқарағай ауданына, сондай-ақ өңірдің танымал туристік нысандарының бірі – Рахман қайнарына апаратын маңызды бағыттардың бірі.

Жоба аясында қазіргі уақытта келесі жұмыстар орындалды:

– 11,8 шақырымда қара қиыршықтастан негіз қабаты төселді;

– 5 шақырымда жабынның жоғарғы қабаты төселді.

Жолды жаңарту көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттырып, туристік нысандардың көлік қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін аталған бағыт өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, туристер ағынын ұлғайтуға және Шығыс Қазақстанның көлік инфрақұрылымын жақсартуға ықпал етеді, делінген «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button