Жаңалықтар

«Күміс жас»: ШҚО-да 363 адам жұмысқа орналастырылды

Шығыс Қазақстан облысында зейнет жасына жақындаған азаматтардың жұмыспен қамтылуына, еңбек жолын жалғастыруына мүмкіндік беретін «Күміс жас» жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаға зейнет жасына әлі жетпеген, 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Қатысу үшін Enbek.kzeGov.kz арқылы жұмыссыз ретінде тіркелу немесе мансап орталығына жүгіну қажет.

Жоба аясында жұмыс беруші қатысушыны жұмысқа қабылдап, оған жалақы төлейді. Бұл ретте мемлекет жұмыс беруші шығындарының бір бөлігін субсидиялайды. Бірінші жылы субсидия мөлшері жалақының 70%-ына дейін, екінші жылы – 65%-ына дейін, үшінші жылы – 60%-ына дейін болуы мүмкін. Бұл ретте төлем 30 АЕК-пен шектеледі.

Жобаға қатысу мерзімі – үш жылға дейін. Субсидиялау кезеңі аяқталғаннан кейін қатысушының зейнет жасына жеткенге дейін тұрақты жұмыс орны сақталуы тиіс.

2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысында «Күміс жас» жобасы бойынша 375 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бүгінде олардың 363-і жұмысқа қабылданды. Осылайша, жоспар 97%-ға орындалды.

Жоба аға буын өкілдерінің еңбек нарығында сұранысқа ие болып, табысын және кәсіби дағдыларын сақтап қалуына, ал жұмыс берушілерге жұмыс орындарын құру кезінде қосымша қолдау алуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button