Өскеменнің Согра шағын ауданындағы өнеркәсіптік аймақты түтін басты. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа байланысты, Экология Департаментінің мамандары «УК ТМК» АҚ орналасқан ауданға барып тексеру жүргізді.
Аталған жағдай облыс басшылығының бақылауында. Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқиға орнына шығу барысында атмосфералық ауаның сапасына аспаптық өлшемдер жүргізілді. Ауадағы шекті рұқсат етілген концентрацияны өлшеу жұмыстары жалғасуда.
Өлшеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында шаралар қабылданады.
Барлық жедел және салалық қызметтер күшейтілген дайындық режимінде жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, жағдайды «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросы бақылауда ұстап отыр.