ШҚО-да цифрлық даму вице-министрімен кездесу өтті

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 16:04 0

Облыс орталығында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкинмен кездесу өтті.

Кездесу барысында цифрлық сауаттылықты арттыру, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері, интернет желісінің дамуы және инфрақұрылымдық мәселелер кеңінен қарастырылды. Сондай-ақ бұл салалардағы алдағы жоспарлар мен басым бағыттар таныстырылды.

Вице-министр университет жастарына зор сенім артатындығын атап өтіп, олардың цифрлық трансформацияға қосар үлесіне үлкен үміт білдірді.

Сондай-ақ, тұрғындарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара соңында министр байланыс күніне орай өз әріптестеріне ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив