«VetPro – 2025»: Болашақ ветеринарлар арасында байқау басталды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 15:57 0

Бүгін Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ауылшаруашылық бағытындағы оқу орындарының студенттері арасында «VetPro» кәсіби шеберлік бойынша республикалық байқауы басталды.

Еліміздің үздік студенттері өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсету үшін Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің базасына жиналды.

Конкурс бағдарламасы ветеринарлық тәжірибенің негізгі бағыттарын қамтитын 7 практикалық тапсырмадан тұрады.

Бағалау WorldSkills стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Сарапшылар құрамына салалық кәсіпорындардың өкілдері мен ветеринария саласының мамандары кіреді.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив