Самар ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің су теңгерімін реттеуде маңызды рөл атқаратын «Ешкібай» су қоймасына барды.
Аймақ басшысы гидротехникалық нысанның қазіргі жағдайымен танысып, су тасқынына қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Су қоймасының ерекшелігі – оның барлық су ағыстары көктемгі тасқын суларына жататынында. Жылдық ағынның негізгі бөлігі – шамамен 80%-ы сәуір мен мамыр айларында қалыптасады. Жаз-күз мезгілдерінде су ағыстары әдетте тартылып қалады, бұл өз кезегінде су шаруашылығын дер кезінде жоспарлауды және техникалық бақылауды қажет етеді.
Нысанды аралау су инфрақұрылымының тұрақтылығын қамтамасыз ету мен табиғи факторлармен байланысты тәуекелдерді азайтудың маңыздылығын көрсетеді