Жаңа астық экспорты 7,6 млн тоннаға жетті

ЖАҢАЛЫҚТАР 6-05-2025, 15:39 0

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы сәуірге дейінгі аралықта жаңа астық өнімі экспорты 7,6 млн тонна болды. Бұл — өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 58%-ға артық.

Экспорт көлемінің артуы қазақстандық астыққа сыртқы нарықтағы жоғары сұранысты, сондай-ақ жеткізу географиясының кеңейіп, логистикалық бағыттардың тиімді жетілдіріліп жатқанын көрсетеді.

Экспорттың негізгі бағыттары және өсім қарқыны:

Өзбекстан — 2,7 млн тонна;

Тәжікстан — 1,1 млн тонна; 

Ауғанстан — 270 мың; 

Қырғызстан — 181 мың тонна; 

Иран — 889 мың тонна; 

Әзербайжан — 569 мың тонна.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін дамыту және қолдау жұмыстарын жалғастыруда.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив