Өскемен тұрғындары «үйдің жертөлесі мен айналасындағы кәріз құдықтары нәжіс аралас суға толып кетті» деп шағымданып жатыр. Бейнежазбаларда айтылған деректерге сүйенсек, бұл жағдай Потанин және Қашаубаев көшелеріндегі бірнеше үйде болған.
Тұрғындар үйлердің жертөлесі мен кәріз құдықтарын жеке-жеке бейнежазбаға түсіріп, «Өскемен Водоканал» мекемесіне жіберген. Ал Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі:
- Бұл жағдай бақылауға алынды, тиісті тапсырмалар берілді - деп мәлімдеді.
Жауапты кәсіпорынның өкілдері апат салдары кешке дейін жойылатынын айтты.
– Қазіргі уақытта «Өскемен Водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының қызметкерлері апат салдарымен күресіп, жұмыс істеп жатыр. Кешкеге дейін жағдайды ретке келтіретін боламыз, – деді «Өскемен Водоканал» кәсіпорнының өкілі.