Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, елімізде 125 теміржол вокзалы жөнделеді. Бұған Шығыс Қазақстандағы бес нысан кіріп тұр. Өңірлерде бүгін ауқымды жұмыс басталып кетті.
Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровтың айтуынша, вокзал ғимаратын жөндеумен іс бітпейді, оған іргелес аумақ абаттандырылып, нысанның инженерлік жүйесі ауыстырылады.
Бастысы, ірі қалалармен қатар шалғай елді мекендердегі бекеттер де жаңартылмақ. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында бес вокзал жөнделеді.
Ақмола облысында 16, Атырау облысында 9, Алматы облысында 5, Ақтөбе облысында 7, Абай облысында 10, Жетісуда 8, Батыс Қазақстан облысында 4, Қарағанды облысында 11 нысан жаңартылады деп жоспарланды.