Риддерде әуежай салына ма?


ЖАҢАЛЫҚТАР 18-02-2025, 12:14 0

фото: exclusive.kz

Риддер қаласының жаңа бас жоспары ұсынылды. Жобада шағын әуежайға арналған учаске көрсетілген. Жуық арада құрылыс жұмыстары бастала ма?

Ұшу жолағының болжамды ұзындығы бір жарым шақырым. Әуежай инфрақұрылымы Риддер шетіндегі алпыс гектар жерді алады.

Қаланың құрылыс бөлімінің басшысы Марат Тұңғышбаев жоба жөнінде былай дейді:

– Бұл құрылыс жұмыстары бірден басталады деген сөз емес. Жалпы бас жоспар жауапты ведомстволар түзету енгізгеннен кейін бекітіледі. Содан кейін де әлдебір жұмыс бригадасы дереу іске кірісіп кетпейді. Бас жоспар – болашаққа деген көзқарас. Нені қалайтынымызды, нені мақсат ететінімізді білдірсе керек. Бұрынғы бас жоспар он сегіз жыл бұрын, 2007 жылы, жасалып бекітілген. Мәселен, сол кездегі жобалардың бірі жүзеге асты, бірі жүзеге аспады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив