Шығыс жұртшылығы ақын рухына тағзым етті


ЖАҢАЛЫҚТАР 12-12-2024, 17:44 2

Пушкин атындағы облыстық кітапханада  белгілі ақын, «Шығыстың Мұқағалиі» атанған атанған тұлға Хамит Балшабековті еске алу кеші өтті. 

Талантқа тағыз деп аталған кештің аясында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан облыстық байқау ұйымдастырылды.

– Кеш шымылдығын облыстық драма және оперетта театрының актерлері ашып, ақынның өмір жолынан  театрландырылған көрініс көрсетіп, көрерменге үлкен әсер қалдырды.  Қаламыздағы театр актері, әдебиетші мамандар мен ұстаздар қазылық еткен байқауға  30-дан аса  адамнан тапсырыс түсіп, көркемсөз оқуға талабы бар үміткерлер ақынның өлеңін мәнерлеп оқудан бақ сынады. Қатысушылар екі топ яғни 16-18 және 18-25 жас арлығында болды, – дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.

Байқауда қос бірінші орын берілді. Өскемендегі 49-шы мектептің оқушысы Қайрат Асанәлі мен  Тарбағатай ауданының Ақжар ауылынан келген Балғын Дәуренқызы үздік деп танылды. 2-орынды Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Қабышева Айсұлу және Екименко Мария иеленіп, жүлделі үшінші орын  Қазақстан Американдық еркін университетінен келген Қорғау Диляра және Тілейхан Исламға бұйырды.

Ал арнайы орындарды кітапханашы Замира Сүлейменова және Өскемен қаласындағы 49-мектептің оқушысы  Ахметбекова Айзере иеленді. 

Іс-шараға Алматы қаласынан арнайы келген және Өскеменде тұратын ақынның балалары үздік қатысушыларға арнайы сыйлықтарды табыстады. 

«Туған жерге туын тіккен ақынымызды ұлықтаған дүбірлі дода өз мәресеніе жетіп, барлық қатысушылар естелік суретке түсіп, әдемі көңіл-күймен тарасты», - дейді кітапханашылар.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Индира
Индира13 желтоқсан 2024 10:13
Ответить
Жастар арасында осындай мүшайралар кеңінен таралса мүмкін ұлт тағдыры да өзгерер...
Медет
Медет13 желтоқсан 2024 11:49
Ответить
Қандай керемет