Рухтастар \»Ардагерлерді ардақтайық\» акциясы аясында 1 жылға газетке жызылым сыйлауда

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ-ның волонтерлері партиялық «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында тыл ардагері Евдокия Михайловна үйіне барып, үй шаруасына көмектесіп, азық-түлік себетін беріп, 1 жылға газетке жазылым сыйлады.

Жыл көлемінде акцияға 100-ден астам волонтер қатысып, 30 жалғыз тұратын зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға үй маңындағы аумақты қардан тазартуға, үйлерін жинауға көмек көрсетті. Сондай-ақ, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен және «AMANAT» партиясының белсенді мүшелерімен бірлесіп азық-түлік себеттері таратылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button